Қазақстан спортшысы Ксения Игнатова іріктеуден өте алмады

Автор: Azattyq Rýhy

Спортшы жүзуден Қазақстан намысын қорғап барған болатын

Фото: ҰОК

Жүзуден Қазақстан командасының мүшесі Ксения Игнатова іріктеуден өте алмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шалқалап жүзуден 100 метр қашықтықта сынға түскен Игнатова жалпы есепте 26-шы болып келген.  Ал жартылай финалға алғашқы 16 спортшы ғана өтеді.

Айта кетейік, бүгін қылыштасудан бағын сынаған Әйгерім Сарыбай да Олимпиаданы аяқтаған болатын.