Данияр Шамшаев бірінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 73 келі салмақта өзбек спортшысына есе жіберді

Фото: ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев Париж Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жекте жеңіліп қалды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 73 келіде сынға түскен ол өзбекстандық  Муроджон Юлдашевқа шидо саны бойынша есе жіберді. 

Айта кетейік, бұл Шамшаевтың алғашқы Олимпиадасы.