Ғұсман Қырғызбаев финалға шыға алмай қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол қола медальға таласады

Фото: Olympic.kz, Тұрар Қазанғапов

Париж Олимпиадасында дзюдодан 66 келі салмақтағы жартылай финалда Ғұсман Қырғызбаев қарсыласына есе жіберіп қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол финалдық жолдама үшін таласта бразилиялық Виллиан Лимадан қосымша уақытта ұтылды. 

Енді ол Париж Олимпиадасының қола медаліне таласады. Ғұсманның ендігі қарсыласы – сербиялық Страхиня Бунчич.