Осылайша ол жарыс жолынан шығып қалды
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жекте ұтылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
71 келі салмақта алғашқы сынға түскен отандасымыз иорданиялық Зеяд Ишаишке жол берді.
Бірінші раундты төрешілер 3:2 есебімен Асланбекке берген. Екінші раундта да осы есеп сақталды.
Ал үшінші раундта қарсылас белсенді қимылдап, жеңіске жетті.
Осылайша, бокстан Қазақстан командасының бір мүшесі жарысты аяқтады.