Париж Олимпиадасы: семсерлесуден тағы бір қазақстандық 1/8 финалға шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол франциялық Луиджи Мидльтонмен күш сынасты

Фото: Olympic.kz, Владислав Семенов

Шпагамен семсерлесуден тәжірибелі қазақстандық Эльмир Алимжанов Париж Олимпиадасының 1/16 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алимжанов франциялық Луиджи Мидльтонмен күш сынасты. Олар өте тартысты жекпе-жек өткізіп, жеңімпаз бір ұпай айырмашылығымен ғана басым болды.

Кездесу 15:14 есебімен Эльмирдің жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық Руслан Құрбанов Олимпиаданың 1/8 айналымына шыққан болатын.