Оның қарсыласы – екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Олимпиада жүлдегері
Дзюдодан отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
66 келі салмақта белдесетін Қырғызбаев екінші жекпе-жекте екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Олимпиада жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулмен кездесті.
Отандасымыз жекпе-жектің басында «ваззари» ұпайын еншілеп, сол басымдықты кездесу соңына дейін ұстап тұрды.
Париж Олимпиадасының ширек финалында Ғұсман Қырғызбаев франциялық Валид Хиярмен белдеседі.