Александра Ле нысана көздеуден Париж Олимпиадасының финалына шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Спортшылар медальға 29 шілде күні таласады

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық Александра Ле нысана көздеуден Париж Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасымыз 10 метрге пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден іріктеу кезеңін алтыншы орынмен аяқтады. Ал финалға алғашқы сегіз спортшы өткенін естеріңізге саламыз.

Тағы бір отандасымыз Арина Алтухова 627.7 ұпаймен 17-орын алды.

Аралық нәтиже бойынша, бірінші орында кореялық Хьеджин Бан орналасты. Ол іріктеуде жиған ұпайы бойынша (634.5) олимпиадалық рекорд орнатты.

Спортшылар медальға 29 шілде күні таласады.

Айта кетейік, кеше Александра Ле мен Ислам Сәтпаев аралас командалық жарыста үшінші орын алып, қола жүлдеге қол жеткізген болатын.