Ол қарсыласын иппон әдісімен жеңді
Дзюдодан отандасымыз Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
48 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз екінші кездесуінде қытайлық Тайпей өкілі Чен Хао Линді иппон әдісімен жеңді. Оған жеңіс үшін бар болғаны 17 секунд қажет болды.
Отандасымыздың қарсыласы енді анықталады.
Осылайша, Абиба Әбужақынова Олимпиада ойындарының үздік сегіз дзюдошысының қатарына енді.