Ол «ваззари» ұпайы бойынша басым түсті
Дзюдодан отандасымыз Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
48 келі салмақта сынға түсіп жатқан Абиба алғашқы айналымда израильдік Шира Ришориден «ваззари» ұпайы бойынша басым түсті.
Осылайша, Абиба Әбужақынова Олимпиада ойындарының келесі айналымына жолдама алды.