Елена Рыбакина Уимблдонның жартылай финалына шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Жартылай финал 11 шілде сағат 18:45-те басталады

Фото: ligaolahraga.com

Қазақстан атынан шыққан Уимблдон-2022 жеңімпазы, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2024 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Рыбакина жартылай ширек финалда әлемнің 21-ракеткасы – украиналық Элина Свитолинамен кездесіп, басым түсті – 6:3; 6:2. Матч 1 сағат 1 минутқа созылды.

Жартылай финалда латвиялық әлемнің төртінші ракеткасы чех Барбора Крейчиковамен кездеседі.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, астаналықтар жартылай финалды Тұран, 4/2 мекенжайында орналасқан Ұлттық теннис орталығында ашық аспан астында тамашалай алады. Жартылай финал 11 шілде сағат 18:45-те басталады.