Серік Қонақбаев және басқа да танымал отандық және шетелдік боксшылар келді
«Көрме» орталығында қала әкімдігінің қолдауымен өткен кәсіби бокс кешінде болашағынан зор үміт күттіретін еліміздің боксшылары алыс- жақын шет елдерден келген тәжірибелі қарсыластарымен жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тарихи іс-шараның құрметті қонағы атақты боксшы Константин Цзю болды. Сондай-ақ, турнирге Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, аты аңызға айналған боксшы
Серік Қонақбаев және басқа да танымал отандық және шетелдік боксшылар келді.
Irfin Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырған іс-шара барысында Өзбекстан, Ресей, Филиппин, Тайланд, Моңғолия және Қытайдан келген мықты боксшылардың қатысуымен сегіз жекпе-жек өтті.
Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Нұрдос Төлебай кәсіби рингте жеңіске жетті. Таиланд өкілі Анусон Тнонглуангқа қарсы жекпе-жектің екінші раунды Түркістан бокс мектебінің тәрбиеленушісінің пайдасына нокаут жеңіспен аяқталды.
Тағы бір боксшымыз Самат Жетібаев алғаш рет жеңіліске ұшырады. Ол филиппиндік Адриан Лерасаннан жеңіліп қалды.
Сонымен қатар, қарсылас шақ келтірмеген Елшат Нығметолла кәсіби рингте Өзбекстан өкілі судья Сарвар Усмановтың бірауыз шешімімен 19-рет жеңіске жетті.
Сонымен қатар, қосымша бес жекпе-жек өтті, олардың әрқайсысы үш минуттан тұратын төрт раундқа есептелді.
Аталған спорттық іс-шара SPORT+Qazaqstan телеарнасының тікелей эфирінде
көрсетілді.