Елдос Сметов Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына барады

Автор: Темірхан Айжан

Іріктеуге 60 келіге дейінгі санатта үш балуан қатысты

Фото: olympic.kz

Қазақстандық балуан Алматыда дзюдодан олимпиадалық құрамаға қатысуға үміткерлерлер арасында өткен турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic-ке сілтеме жасай отырып.  

Іріктеуге 60 келіге дейінгі санатта үш балуан қатысты. Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев және Мағжан Шамшадиндің арасында мини – турнир ұйымдастырылып, Сметов үздік шықты.

31 жастағы дзюдошы Елдос Сметов 2015 жылы әлем чемпионы, 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері, Азия чемпионы атанған.