Балауса кәсіби бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық кәсіби боксшы Балауса Муздиман Алматыда өткен бокс кешінде қарсыласын 43 секундта нокаутқа жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз Үндістаннан келген Моника Сингхпен жұдырықтасты. Жекпе-жек бастапқыда 8 раундқа есептелген. Бірақ бәсеке алғашқы раундта-ақ аяқталды. Балауса Муздиман жекпе-жектің 43-секундында қарсыласының бауырына соққы жасайды. Сингх осыдан кейін кездесуді ары қарай жалғастыра алған жоқ.
Балауса осылайша кәсіби бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Оның үшеуін нокаутпен жеңді. Ал Сингх бүгінгі дейін 5 жекпе-жек өткізіп, оның екіншісінде жеңіліп қалды.