Головкиннің қолғабы мен Рыбакинаның теннис добы аукцион арқылы сатылғалы жатыр

Автор: Нұргүл Абай

Аукцион 1 маусымға жоспарланған

Фото: скрин

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің қолғабы мен теннисші Елена Рыбакинаның теннис добы Алматы қаласында аукционға қойылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды.

Аукцион Алматы қаласында 1 маусым күні өтеді. Онда Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар қолғабы сатылады. Бұл қолғапты отандасымыз Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекке шыққанда киген. 

Сондай-ақ теннисші Елена Рыбакинаның қолтаңбасы қойылған теннис добы мен арнайы спорттық формасы да аукционға шығарылады. 

Аукционнан түскен ақша көмекке мұқтаж егіздердің еміне жұмсалады.