Назым Қызайбай Олимпиадаға іріктеу турнирінің бірінші кезеңін сәтті аяқтады

Автор: Azattyq Rýhy

Бангкокте бокстан Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары сарапқа салынып жатыр

Фото: olympic.kz

Таиландтың Бангкок қаласында бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирі өтіп жатыр. Турнирде қазақстандық Назым Қызайбай бірінші кезеңнен сүрінбей өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әйелдер арасында 50 келі салмақта сынға түскен Назым бірінші айналымда словакиялық Николь Дуриковадан басым түсті. Қызайбай кездесу барысында қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.

Содан соң, төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңіс Назым Қызайбайға берілді.

Айта кетейік, Бангкокте бокстан Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары сарапқа салынып жатыр.