Ол осыған дейін 8 матч өткізді
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов түркиялық «Адана Демирспор» командасы сапында алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Адана Демирспор» ұжымы сырт алаңда «Антальяспор» командасымен кездесіп, 1:2 есебімен ұтылып қалды. Ал қазақстандық футболшы 65-минутта қосалқы құрамнан шыққаннан кейін таразы басын теңестірді.
Отандасымыз түркиялық команда сапында осымен сегізінші кездесуін өткізді. Оның «Адана Демирспор» клубымен келісімшарты 2025 жылға дейін жасалған. Ал тараптар келісімге келіп жатса, келісімшартты тағы бір маусымға созуға болады.