Кәсіпқой боксшы болжамын айтты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек SPORT+ басылымына берген сұхбатында Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысты болжамын айтты. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Парижде бокстан өтетін Олимпиада ойындарына болжам қандай?
«Барлығының мүмкіндігі бар. Қазір Олимпиадада фаворит жоқ. Шындығында, ол жердегі атмосфера әлем чемпионатына қарағанда қиынырақ», - деді Сұлтан Зәуірбек.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының сапында жеті боксшы – Карина Ибрагимова, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай және Қамшыбек Құнқабаев Олимпиада лицензиясын иеленген.