Miami Open турнирі: Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

Автор: Аманалина Тоғжан

Жартылай финалда ол Виктория Азаренкамен ойнайды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Елена Рыбакина Miami Open турнирінің жартылай финалына шықты. Ол Грекиядан келген қарсыласы 28 жастағы Мария Саккариді (WTA 9) ұтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Рыбакина Саккариді үш сетте жеңді— 7:5, 6:7 (4), 6:4.

2 сағат 45 минутқа созылған ойын 7:5, 6:7(4), 6:4 есебімен аяқталды.

Жартылай финалда Рыбакина қазір WTA рейтингінде 32-орында келе жатқан беларусь Виктория Азаренкамен ойнайды.

Бұған дейін Рыбакина WTA деңгейінде биылғы маусымдағы 20-шы жеңісіне қол жеткізген болатын. Ол әлемнің 17-ракеткасы америкалық Мэдисон Кисті ұтты. Рыбакина биыл бұл көрсеткішке қол жеткізген үшінші теннисші атанды. Бұған дейін әлемдік рейтингтің көшбасшысы Ига Свиатек пен әлемнің 20-шы, 22 жастағы америкалық Эмма Наварро 20 жеңіс көрсеткішінен асып түсті.