Қазақстан жастар құрамасы да ойсырай жеңілді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан құрамасының қақпасына бірінші таймда үш гол соғылды

Фото: poznavayka.org

Пейслиде (Шотландия) футболдан Шотландия мен Қазақстан құрамалары арасында Жастар Еуро-2025 іріктеу циклінің матчы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ойын алаң иелерінің жеңісімен (4:1) аяқталды. Бірінші таймда шотландтар Темірлан Анарбековтің қақпасына үш гол соқты: 19-минутта команда капитаны Джош Дойг есеп ашса, бес минуттан кейін Лайл Кэмерон есепті еселей түсті. Үшінші голды 38-минутта Томми Конвей пенальтиден соқты.

Екінші таймда шотландтар төртінші добын соқты. 55-минутта допты Льюис Фиорини көзге түсті.

Ал Қазақстан қарсылас қақпасына небәрі бір доп қана дарыта алды. «Қайрат» клубының шабуылшысы Ян Труфанов көзге түсті, ол 68-минутта пенальтиден соқты.

Айта кетейік, өткен түнде ересектер арасында Қазақстан ұлттық құрамасы Афинада Грекиядан 0:5 есебімен жеңілді.