Сенбі күні шаршы алаңға шыққан төрт боксшының бәрі де жеңіске жетті
Сербияның Белград қаласында бокстан өтіп жатқан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалында финалға шыққан спортшылар анықталды. Ел намысын қорғаған 12 спортшының 8-і финалға шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, сенбі күні шаршы алаңға шыққан төрт боксшының бәрі де жеңіске жетті. 71 келіде Сабыржан Аққалықов монтенегролық Стефан Савковичті жеңсе, Диас Молжігітов (75 кг) ресейлік Джамбулат Бижамовты тізе бүктірді. 80 келді Ерасыл Жақпеков сербиялық Златко Турковичтен айласын асырса, Данияр Рахымбердинов (92 кг) тағы бір шаршы алаң иесі Мирослав Савичті қапы қалдырды.
Сонымен, Belgrade winner турнирінің финалында мына боксшыларымыз күш сынасады: