Алғашқы тур 1 және 2 наурыз күндеріне белгіленген
Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Премьер-лиганың биылғы маусымына 13 өңірден 14 клуб қатысады. Олар – «Ақсу», «Ақтөбе», «Астана», «Атырау», «Елімай», «Жеңіс», «Жетісу», «Қайрат», «Қайсар», «Қызылжар», «Ордабасы», «Тобыл», «Тұран» және «Шахтер».
Доп додасының шымылдығын бүгін, 1 наурыз күні сағат 14:30-да елордалық «Астана» мен «Жеңіс» командалары ашады.
Сонымен бірге бірінші турда ел чемпионы «Ордабасы» өз алаңында Қарағандының «Шахтер» клубымен кездеседі.
Қазақстан чемпионаты 1 наурыз бен 10 қараша аралығында өтеді. Мачтардың көбі дәстүрлі түрде демалыс күндеріне жоспарланған.