Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан тағы екі медаль жеңіп алды

Автор: Мира Байбек

Жасөспірімдер арасындағы жарыс Арменияда өтіп жатыр

Фото: sports.kz

Қазақстан құрамасы Ереван қаласында (Армения) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалға тағы екі жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Sports.kz жазуынша, жігіттер арасында 48 келі салмақта сынға түскен Нығмет Нығман Тәжікстан өкілі Мансурхужа Муминовты 3:2 есебімен ұтса, қыздар арасында 52 келідегі Айша Сариева мексикалық Паола Гил Каррерамее кездесуде басым түсті – 4:0.

«Осылайша, Нығман мен Сариева құрлық біріншілігінің жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдеге кепілдік беріп отыр», - делінген хабарламада.

Ал қазақстандық Игорь Соловьев (75 келі), Ақбота Есімбекова (70 келі) және Аружан Зейноллаева (75 келі) жартылай финалға өте алмады.