Еуро-2024-тің H тобында бақ сынаған Қазақстан Ұлттық құрамасы Словениямен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліс тапты
Ұлттық құрама елге оралды. Футболшыларды әуежайдан жанкүйерлер ыстық ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Люблянадан келген футболшылардың көңіл күйі болмады. Дегенмен, ұлттық құраманың ойыншылары кеткен есені қайтаратын мүмкіндік барын айтты. Грекия командасымен өтетін аладоп бәсекесінде намысты қолдан бермейміз деді. Ендігі үміт - келер жылы ұйымдастырылатын Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі матчта.
Айта кетейік, Еуро-2024-тің H тобында бақ сынаған Қазақстан Ұлттық құрамасы іріктеу кезеңнің қорытынды ойынында Словениямен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліс тапты.