Галина Дуванова Филиппин спортшысынан ұтылып қалды
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында отанласымыз Галина Дуванова джиу-джитсудан күміс медаль ұтып алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық олимпиада комиетінің хабарлауынша, спортшы 57 келі салмақта өнер көрсетті.
«Әлем чемпионатының 3 мәрте қола жүлдегері Галина Дуванова финалдық бәсекеде Филиппин спортшысы Анние Рамирезке 0:2 есебімен ұтылып, 2-орынға ие болды», - делінген хабарламада.