$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.10.2023, 08:19
Спорт

Жазғы Азия ойындары: өткен жарыс күнінің нәтижелері қандай

Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын, 10 күміс және 32 қола жүлде бар

Жазғы Азия ойындары: өткен жарыс күнінің нәтижелері қандай
Фото: olympic.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының өткен тәуліктегі жарыс нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атап айтқанда:

Велошабандоз Алексей Луценко жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алды. Алексей Қытай мен Гонконг спортшыларынан озып, 39,7 км қашықтықты 48:05.75-те жүріп өтті. Бұл Алексейдің спорттық мансабындағы Азия ойындарының 4-ші медалі.

Данил Мұсабаев батуттық гимнастикада Азиаданың күміс жүлдегері атанды.

Қазақстан құрамасына тағы 2 күміс медальді байдарка мен каноэде ескек есушілер әкелді: олар Тимофей мен Сергей Емельяновтар 1000 м каноэде есу, сондай-ақ Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева 200 м каноэде есу.

Қола медаль жеңіп алғандар:

  • Рината Сұлтанова – тас жолдағы веложарыс (жекелей жарыс);
  • Надежда Дубовицкая -биіктікке секіру;
  • Каролин Чепкоеч Кипкируи-5000 м жүгіру;
  • Мария Бровкова-байдарка мен каноэде есу (WС1, 200 м);
  • Асланбек Шымбергенов-бокс (71 кг).

Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев +92 келі салмақ дәрежесінде финалға шығып, Үндістаннан келген қарсыласын сенімді түрде жеңді.

10-шы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын, 10 күміс және 32 қола жүлде бар.

Серіктес жаңалықтары