Сергей және Тимофей Емельяновтар ескек есуден екінші орын иеленді
Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, байдаркада және каноэде ескек есуден жұптық жарыстың MС2 1000 м бағдарламасында өнер көрсеткен отандастарымыз 3:49 уақыт көрсеткішімен 2-ші келді.
Алтын медальді Өзбекстан спортшылары иеленді – 3:43,796. Үшінші орынға Үндістан жайғасты – 3:53,329.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында 41 медаль бар.