Мария Бровкова ескек есуден қола медаль алды
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында байдарка мен каноэден ескек есуден әйелдер арасында жекелей сынға түскен Мария Бровкова Қазақстанға тағы бір қола медаль әкелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ол жеке каноэде ескек есуде (200 метр) үшінші болып нәтиже көрсетіп, 49,368 қашықтықты бағындырды.
Жеңісті қытайлық Вэнцзюнь Лин жеңіп алды – 47,623. Күміс жүлдені Ораса Тиангкхаток (Таиланд) жеңіп алды – 49,221.
Айта кетсек, бұл – 18 жастағы спортшының биылғы Азиадада жеңіп алған екінші жүлдесі. Кеше Мария Бровкова жұптық сында күміс жүлде алған еді.