Азия ойындары: Қазақстан құрамасы екі бірдей күміс жүлде жеңіп алды

Автор: Мира Байбек

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады

Фото: olympic.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында байдаркада және каноэде есуден Қазақстан құрамасы екі бірдей күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ольга Шмелева мен Ирина Подойникова жұбы Азия ойындарының күміс меделін жеңіп алды», - деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитеті.

Сондай-ақ айдаркада және каноэде есуден WК2 500 м бағдарламасында өнер көрсеткен отандастарымыз 1:51 көрсеткішімен 2-ші орынға қол жеткізді.

«Мария Бровкова мен Руфина Искакова жұбы Азия ойындарының күміс меделін жеңіп алды Байдаркада және каноэде есуден WС2 500 м бағдарламасында өнер көрсеткен отандастарымыз 2-ші орынға қол жеткізді», - делінген хабарламада.