Нариман Құрбанов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Отандасымыз 15.100 балл жинады

olympic.kz / Сабиров Сали

Спорттық гимнастикадан ат снарядында өнер көрсеткен 25 жастағы Нариман Құрбанов қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Туризм және спорт министрлігі хабарлағандай, отандасымыз 15.100 балл жинады.

Алтын медаль тайпейлік Ли ЧИ-Кайға (15.500 балл) бұйырды, ал күміс жүлдені жапондық Рета Цумура (15.166 балл) иеленді.

Қазақстан құрамасының қоржынында барлығы 20 жүлде бар.