Шахматтан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Автор: Мира Байбек

Бірінші орынға Грузия құрамасы шықты

 

Шахматтан Қазақстан қыздар құрамасы командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Финалда қазақстандық шахматшылар Грузия құрамасына жол берді. Ақтық кезеңнің алғашқы матчында Қазақстан – 1,5-2,5, екінші матчында – 0,5-3,5 есебімен жеңіліп қалды», - делінген хабарламада.

Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбековалар өнер көрсетті.

Тақырыпқа орай: Қазақстан шахматтан алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты

Қола медальді Франция құрамасы иеленді. Олар үшінші орын үшін ойында АҚШ шахматшыларынан айласын асырды.