«Елорда кубогының» жүлдесі үшін 10 елден келген 200-ден астам боксшы бақ сынады
Астанада Elorda Cup бокстан халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, ерлер 13, ал бұрымдылар 12 салмақта өнер көрсетті. Бірінші орынға 700 доллар, екіншіге - 400, ал үшіншіге - 200 доллардан табысталды.
Бұл жарыста Мырзағали Айтжанов кей салмақтардағы боксшылардың мүмкіндіктерін байқап көрген сияқты. 57, 63,5 және 92 келіде жақсы нәтиже көрсеткен боксшылар Қытайдың Ханьчжоу қаласында өтетін Азия ойындарына қатыса алады. Ал бұл жарыста Париждегі Олимпиадаға жолдама ойнатылады.
Ерлер арасындағы жеңімпаздар:
Әйелдер арасындағы жеңімпаздар:
Ерлер арасында биылғы турнирдің үздік боксшысы отандасымыз Махмұд Сабырхан (57 кг) атанса, əйелдер арасында бұл атақ қытайлық Янг Ченгуге (63 кг) бұйырды. Үздік рефери - Ерлан Ғазизов, үздік төреші Ғани Ысқақовқа берілді.