Ол турнирдің 1/8 финалдық кезеңінде ойынын аяқтады
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде үшінші орынlf) Берлиндегі турнирде күтпеген жерден 1/8 финалдық кезеңде ойынын аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Sports.kz жазуынша, қазақстандық теннисші 1/8 финалға қатысқаны үшін 11 500 доллар табыс тауып, 55 рейтингтік ұпайға ие болды.
Рыбакина чемпиондық атаққа басты үміткерлердің бірі саналғанымен, ол хорватиялық Донна Векичтен (23-орын) сенсациялық түрде жеңіліп қалды – 7:6, 3:6, 4:6. Бұған дейін Елена Рыбакина ресейлік теннисші Полина Кудерметованы (139-орын) 6:4, 6:2 есебімен ұтқан болатын.
Еске салайық, Уимблдон 2023 шілденің басында басталады – Рыбакина осы турнирдің қазіргі чемпионы.