Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Боксшы екінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді

Фото ашық дереккөзден

Қазақтың кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стивен Батлерге (32-3-1, 26 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Титулдық жекпе-жек 14 мамырға қараған түні АҚШ-тың Стоктон қаласындағы Stockton Arena-да өтті.

12 раундқа есептелген титулдық жекпе-жекті қазақ боксшысы уақытынан ерте аяқтады. Жәнібек Әлімханұлы екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді.

Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі он төртінші жекпе-жегінде WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін осымен екінші рет қорғап қалды.