16 жасар қазақстандық парадзюдошы Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл – Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын

Қазақстан пара дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

16 жасар қазақстандық парадзюдошы Альфия Тілекқабыл Азия чемпионатында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Пара дзюдодан Астана қаласында өтіп жатқан Азия Чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын жүлде түсті.

J1-57 келі салмақта белдескен 16 жастағы Альфия Тілекқабыл айналым жүйесі бойынша өткен жарыста екі белдесуде жеңіп, Азия Чемпионы атанды.

Азия біріншілігінің алғашқы күнінде Даяна Федосова (J2-57) және Ерғали Шәмей (J1-73) чемпион атанса, Ақмарал Науатбек (J2-48) күміс және Олжас Оразалыұлы (J2-73) қола жүлдегер болды.