Бұл туралы ҚР жеңіл атлетика федерацияның баспасөз қызметі хабарлады
Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасы Ташкенттегі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының бірінші күні екі медальмен марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР жеңіл атлетика федерацияның баспасөз қызметі хабарлағандай, 1500 метр қашықтықта қыздар арасында Болатбекқызы Аяна 4:36.75 нәтижесімен екінші орын алды.
«Сырықпен секірістен Максим Балабин 4,45 нәтижесімен «қола» жеңіп алды», - делінген хабарламада.