Шавкат Рахмонов UFC басшысымен қандай келіссөз жүргізгенін айтты

Автор: Azattyq Rýhy

UFC-дегі бесінші жекпе-жегі үшін Шавкат Рахмонов 191 500 доллар тапқан болатын

Фото ашық дереккөзден

Аралас жекпе-жектен файтер Шавкат Рахмонов (17:0) UFC президенті Дана Уайттың кеңсесінде қандай келіссөз жасалғанын айтты. Бұл туралы ол «Вестник ММА» YouTube-арнасында берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Спортшы UFC-дегі жаңа келісімшарты туралы айтты.

«10-15 минут онымен (Дана Уайтпен) сөйлестім, содан кейін матчмейкермен бір жарым сағат жаңа келісімшарт туралы сөйлестік. Жаңа келісімшарттағы шарттар жақсы сияқты. Бірақ олар қандай шарттар ұсынса да, бұл жеткіліксіз. Жақсы ақша алдым, бірақ одан да артыққа лайықпын. Мұны барлық адам түсіне бермейді. UFC-дің өз саясаты бар, бұл туралы айта алмаймын», - деді ол.

Vesti.kz мәліметіне жүгінер болсақ, UFC-дегі бесінші жекпе-жегі үшін Шавкат Рахмонов 191 500 доллар (82,5 миллион теңге) тапқан болатын.