Әлем біріншілігінде 12 қазақстандық боксшы бақ сынайды
Үндістанның Нью-Дели қаласында әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыстың бірінші күні Қазақстан құрамасы сапынан рингке 52 келіде өнер көрсететін Жазира Орақбаева шықты. Оның бірінші қарсыласы тайвандық Чань Ча-Cунь болды. Жазира қарсыласын үшінші раундта нокаутқа түсірді.
Орақбаева екінші раундтың өзінде тайвандық боксшыны екі рет нокдаунға түсірді. Ал үшінші раундта қарсыласын кезекті рет есеңгіреткен кезде төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Жарыс 26 наурызға дейін жалғасады.