Қазақстан құрамасы екінші дивизионның А тобына шықты
Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы (U-18) Софияда өтіп жатқан әлем чемпионатында бесінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Екінші дивизионның В тобындағы матчта Қазақстан хоккейшілері Исландия құрамасын 7:0 есебімен жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы екінші дивизионның А тобына шықты.
Қазақстан - Исландия 7:0 (2:0, 4:0, 1:0)
Қақпашылар: Прицкер – Бахман.