Оқ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем кубогында алтын медаль алды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандық спортшылар пневматикалық мылтықтан 10 метрге атуда қарсыластарын басып озды

фото: olympic.kz

Оқ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Джакартада өтіп жатқан Әлем кубогында бірінші орын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар пневматикалық мылтықтан 10 метрге атуда қарсыластарын басып озды.

Бұл жарысқа Қазақстаннан Александра Ле, Елизавета Безрукова мен Анастасия Григорьева қатысты.