Месси мен Роналду бір-біріне қарсы ойнауы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Матч қаңтар айының ортасында өтеді деп жоспарланған

фото: www.championat.com

Франциялық ПСЖ қысқы демалыста жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Олардың қарсыласы Сауд Арабиясының екі клубы – «Әл-Наср» және «Әл-Хилал» ойыншыларынан жасақталған команда болмақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, жаңадан әлем чемпионы атанған аргентиналық Лионель Месси ПСЖ сапында.

Бұған дейін португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың «Әл-Наср» сапына қосылғаны белгілі болды.

Осылайша, жұлдызды футболшылар 2023 жылдың басында кездесуі мүмкін.