Жартылай финалда елордалық спортшы 15-ші орынды иеленді
Мельбурнде өтіп жатқан 16-шы FINA әлем чемпионатында елордалық жүзуші Әділбек Мусин Қазақстанның жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алдын ала жүзу кезінде ол 100 м баттерфляй қашықтығын 0:50,64 секундта бағындырды, бұл ҚР-ның жаңа рекорды болып саналады.
Жартылай финалда Әділбек 15-ші орынды иеленді.
Аделаида Пчелинцева брасстан 50 м қашықтықта 0:30,87 нәтижесін көрсетті.