Ақмарал Науатбек пара дзюдодан әлем чемпионы атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Бакуда өтіп жатқан бәсекеде ел намысын 18 парадзюдошы қорғауда

фото: www.gov.kz

Астаналық спортшы Ақмарал Науатбек (-48кг J2) пара дзюдодан Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Финалда Ақмарал Науатбек паралимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, франциялық Аурериес Мартинет Сандриннан басым түсіп, ел қоржынына тарихымыздағы алғашқы әйелдер арасындағы алтын медальді салды.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет пара дзюдодан әлем чемпионатында алтын медальді 2018 жылы 60 кг салмақта Олжас Оразалыұлы еншілеген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, пара дзюдодан әлем чемпионаты Бакуда 8-11 қараша аралығында өтуде. Әлемнің 40-тан астам елінен 300-ден аса спортшы бақ сынап жатқан байрақты бәсекеде ел намысын 18 парадзюдошы қорғауда. Оның екеуі Астана қаласының спортшылары.