Мексиканың Гвадалахара қаласында 13-20 қараша аралығында таеквондодан Әлем чемпионаты өтеді
Таеквондодан әлем чемпионатында бақ сынайтын Қазақстан құрамы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy prosports сайтына сілтеме жасап.
Ерлер мен әйелдер арасындағы 16 салмақта 122 елден 755 атлет тіркелген. Ел намысын бұл жолы 15 спортшы қорғайды.
Олар:
Ерлер құрамасы – Тамирлан Тілеулес (54 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг), Камран Нурадинов (63 кг), Алмат Қожахмет (68 кг), Нұрқанат Қожахмет (74 кг), Рахым Әділханов (80 кг), Смайыл Дүйсебай (87 кг), Руслан Жапаров (87 кг);
Әйелдер құрамасы – Рита Бакишева (46 кг), Ботагөз Қапанова (49 кг), Азиза Қаражанова (53 кг), Камила Аймұқашева (57 кг), Жадыра Хайруллина (62 кг), Нұрай Құсайынова (67 кг), Жансель Дениз (73 кг);