«Ақтөбе» футбол клубы соңғы 7 жылда алғаш рет жеңіс тұғырынан көрінді

Автор: Azattyq Rýhy

«Ақтөбе» командасы «Қайратты» 4:1 есебімен тас-талқан етіп ұтты

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының 26-туры аясында ақтөбеліктер өз алаңында алматылық «Қайрат» клубын қабылдап, ірі жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Маусымның ақырғы матчына өңір басшысы Ералы Тоғжанов келіп, командаға қызу қолдау танытты.

Ойын ақтөбелік жанкүйер Азамат Бекетовті бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Ал матчтың үзілісінде Қазақстан чемпионы атанған «Ақтөбе-2013» балалар командасы мен Оралда топ жарған «Академия жастары» алтын медальмен марапатталды.

Әсерлі ойынның нәтижесінде «Ақтөбе» «Қайратты» 4:1 есебімен тас-талқан етіп ұтты. Клуб 7 жылда алғаш рет күміспен күптеліп, ел чемпионатының жүлдегерлері қатарынан көріне білді.

Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы матчтан соң ойыншыларды жетістігімен құттықтап, оларға жаңа белестер тіледі.