Кездесу наурыз айында өтуі мүмкін
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы (42-2-1, 37 КО) өзінің IBF белбеуіне міндетті қарсылас бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жекпе-жекті Қазақстанда өткізу туралы келіссөз жүргізуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бразилиялық журналист Вилсон Бальдинидің ақпараты бойынша, Головкин Фалькаомен кездесу өткізуге келіскен. Қазір чемпионның командасы DAZN стримингтік сервиспен кездесудің трансляциясын талқылауда. Кездесу наурыз айында Қазақстанда өтеді екен.
Бразилиялық БАҚ бұл Головкиннің соңғы айқасы болуы мүмкін екен және оны Геннадий Қазақстанда өткізуге ниетті екенін жазды.