Ол өзінің соңғы жекпе-жегін маусым айында өткізген болатын
Қытайдан келген этникалық қазақ Сайран Нұрданбек (38-10) UFC ұйымымен жаңа келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Ол өзінің Instagram парақшасында тиісті хабарлама жариялады.
"UFC-мен екінші жаңа келісімшартқа отырғаныма қуаныштымын. Болашақта бәрі жақсы және керемет болады деп сенемін", - деп жазды Нұрданбек.
Келесі жекпе-жекте Сайран америкалық Деррик Минермен (26-13) кездеседі. Нұрданбек-Миннер жекпе-жегі 5 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) ұйымдастырылатын UFC Fight Night 214 турнирінде өтеді.
Сайран Нұрланбек өзінің соңғы жекпе-жегін маусым айында өткізді: ол америкалық Т.Дж. Браунды (16-9) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.