Қазақстандық шахматшы Дүниежүзілік олимпиадада алтын жеңіп алды

Автор: Azattyq Rýhy

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан спортшылары үздік төрттікке енді

фото: committee_sport/ instagram

Жас шахматшы Сауат Нұрғалиев 1-11 қазан аралығында Әзірбайжанда өткен, 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында жекелей сында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан спортшылары Үндістан мен Иранның мықты командаларын басып озып, үздік төрттікке енді. 1 орынды Түркия шахматшылары, екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды турнир қожайындары Әзірбайжан құрамасы иеленді.

Команда құрамында Даниял Сапенов, Әмина Қайырбекова, Алуа Нұрманова, Иманғали Ахилбай, Ілияс Сәбитов пен Сауат Нұрғалиевтер өнер көрсетті.

«Соңғы айналымға дейін біз медальдар үшін өте сәтті күрестік. Ең бастысы, жігіттер өте жоғары дайындық пен жақсы ойын көрсетті. Қола жүлдені Иманғали Ахилбай (тақтада – жеке есепте), алтынды Сауат Нұрғалиев (тақтада – жеке есепте) иеленді. Бізбен 12 және 14 жастағы балалар ойнады, келесі жылы біз тағы да осы құраммен медальдар үшін күресуді жоспарлап отырмыз»,– дейді команда капитаны Павел Коцур.

Тегтер: