Зульфия Чиншанло Азия чемпионы атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Бахрейнде өтіп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Бахрейнде өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Зульфия Чиншанло алтын медаль алды, деп хабарлайды Аzattyq Ruhy.

Olympic.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, ол 55 келіге дейінгі салмақта чемпион атанып отыр. Азия чемпионатының күміс жүлдесін Қытай спортшысы Линлу Лю, қолда жүлдесін Өзбекстаннан барған Нигора Абдуллаева жеңіп алған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның ауыратлеті Зульфия Чиншанло үш дүркін әлем чепмионы, Токио-2020 Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, бірнеше рет әлемдік рекордты жаңартқан спортшы қыз.