Тікелей көрсетілім таңғы 7:00-де басталады
8 қазан таңертең АҚШ-тың Флорида штатында қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам аргентиналық Хавьер Франсиско Масьелмен жұдырықтасады деп хабарлайды Sports.kz. Қанат кәсіпқой рингте 29 жекпе-жек өткізіп, оның біреуінде ғана жеңілсе, Масьел 51 кездесудің 17-де жеңілген.
Бокс кеші Астана уақытымен таңғы 07:00-де басталады. Қанат Исламның жекпе-жегі жеті раундқа жоспарланған.
Еске салайық, қазақстандық боксшы рингке соңғы рет биыл ақпан айында шыққан еді. Ол кезде жерлесіміз дәл осы Флорида штатында британ боксшысы Джимми Келлиге жеңілген.