Мамандар Головкин әлі де көп табыс таба алады деп санайды
Америкалық SerEbro EnlosDeportes Youtube-арнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) 2022 жылғы гонорарын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Vesti.kz -ке сілтеме жасап.
«Головкин 40 жаста болса да, әлі де көп табыс таба алады. Биыл Геннадий Мурата мен «Канелоға» қарсы екі жекпе-жегі үшін 60 миллион долларға жуық гонорар алды. Оның үстіне бұған демеушілік төлемдер және т.б. табыс қосылады», – деді арна авторы.
Айта кетейік, Головкин биыл ақпанда жапониялық Риота Муратаны (16-3, 13 КО) тоғызыншы раундта нокаутпен жеңген. Ал қыркүйекте мексикалық Сауль Альварестен (58-2-2, 38 КО) төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.